«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Синквейн

27.02.2018

Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті – үлкен шеберлік.

Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі

ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. 
Синквейн жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, синквейндер:

1) күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде; 
2) оқушылардың түсініктік қорын бағалау тәсілі ретінде; 
3) шығармашылық мәнерді дамыту құралы ретінде пайдалы болуы мүмкін. 
Синквейнді жазу ережесі: 
1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы); 
2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты); 
3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты); 
4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы); 
5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі).

  Мысалы:

Ана.

Аяулы,асылды.

Қорғайды,сақтайды,бар жанын салады.

Анашым менің,анашым.

Бар әлемді әлдилеген,анашым!

  Жаңалық.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 11сынып оқушылар арасында «Туған жерім» атты шығарма сайысы өткізілді.

 Оқушылар   шығармаларында өз патриоттық сезімдерін көрсете білді.Туған жер туралы өлеңдерін жазды.

Просмотров: 1836


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст