18.04.2023
Компьютерлік тәуелділік
Аталған сынып сағатын 11а сынып жетекшісі Ж.А. Жунусов өткізді. Мақсаты — білім алушыларды компьютерді шектен тыс пайдаланудың зиянды салдарымен таныстыру.
Сынып сағаты дөңгелек үстелі ретінде өтті. Нақты жұмыс өткізілді: білім алушылар арасында баяндамалардың тақырыптары таратылды, компьютерлік тәуелділік туралы тақырыпта презентация және әлеуметтік баяндамалар дайындалды.
Мұғалім компьютерлік тәуелділіктің екі түріне назар аударды: ойынға тәуелділік — компьютерлік ойындарға тәуелділік; Интернет-тәуелділік — Интернетке қосылуға деген ұмтылыс (сетеголизм).
Қызығушылық тудырған «Сетеголизм» баяндамасында сетеголизмнің келесі белгілері берілді:
- электрондық поштаны үнемі тексеріп отыруға деген ұмтылыс;
- келесі онлайн сеансты күту;
- интернетте өткізілетін уақытты ұлғайту;
- интернетте жұмсалатын ақшаны көбейту.
«Әлеуметтік желілерге тәуелділік» беянебаяны көрсетілді. Ол пайдаланушылардың 40% - ы "тәуекел тобына"кіретінін көрсетті.
Келесі баяндаманың тақырыбы — «Кибераддикция — компьютерлік ойындарға тәуелділік».
Бұның нақты белгілері бар:
- компьютерде жұмыс істеуден көңіл-күйдің айтарлықтай жақсаруы;
- компьютерде ойнаудан бас тартқысы келмейтіні;
- үй шаруасын елемеу;
- достармен араласудан бас тарту және т.б.
Компьютерлік тәуелділіктен зардап шегетін науқаста дене ауытқулары пайда болады: арқадағы ауырсыну, көру қабілетінің бұзылуы, шаршаудың жоғарылауы, бас ауруы. «Компьютерлік ойындарға тәуелділік» бейнебаянының талқылауы қызу өтті.
Сынып жетекшісі психологиялық тәуелділіктің жаңа түрі болып табылатын гаджетке тоқталды.
Әлеуметтік сауалнамаудың нәтижелері қызығушылық тудырады: мысалы, респонденттердің 85 % - ы ұялы телефонсыз өмір сүре алмайтынын айтты.
Сауалнамаға қатысқандардың 50% - ы психологиялық тұрғыдан портативті музыкалық құрылғыларға тәуелді.
Дөңгелек үстел "Көп қырлы дене" жаттығуын орындаумен аяқталды.
Сонымен, компьютерлік тәуелділіктен аулақ болуға мүмкіндік бар. Егер адамның өзі қаласа, бұл қиындықты болдырмауға мүмкіндік бар.