Текст
Кешкі мектеп ұжымы "ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" болашақ референдумын талқылады. Қазіргі уақытта конституциялық реформа жүргізу қажеттігі туындады, яғни, жұртшылықтың сауалдары мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру қажет. Аталған реформа шеңберінде қолданыстағы саяси модель жүйелі түрде трансформацияланады, билік тармақтарының өзара қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі қалыптасады, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогы жүзеге асырылады. 33 бапқа өзгерістер енгізіледі, яғни Конституцияның 1/3 бөлігі өзгереді. Талқылау барысында слайдтар көрсетілді. Бүкіл ұжым Президентімізді толық қолдайды, Жаңа Қазақстанды бірге құратын боламыз.