Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес қарашаның 23 күні Зум платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30- жыл аясында «Білгірлер сайысы» өтті. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу; туған еліне сүіспеншілігін арттыру, еліміздің салт-дәстүрлерін қастерлеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сайыс келесі кезеңнен тұрды: «Менің елім - Қазақстан», «Елші», «Салт-дәстүрлер», «Кім жылдам?». Кезеңдер әр түрлі түрде өтті. Бірінші кезең сұрақ-жауап түрінде өтсе, екіншісі берілген мәтінге аударма жасау. Ең қызықты кезең «Салт-дәстүрлер». Оқушылар арасында қазақтың ұлттық дәстүрлерін ұстанатындары да бар. Осы оқушылар өздерінің ойларымен бөлісті. «Кім жылдам?» кезеңінде оқушылар өздерінің сөздік қорын көрсетті.
Садвакасова Айгуль Танабаевна