1989 жылдың 15 ақпанда соңғы бронетранспортёр біздің жауынгерлерімен
Ауғанстанмен шекарасы өтетін фарватер бойымен Амударья арқылы Достық көпірін өтті. Осы
үлкен колонаны 40-шы әскер қолбасшысы Кеңес Одағының Батыры генерал –лейтенант Борис Всеволодович Громов аяқтаған болатын. 20 ғасырдың екінші жартысының ең ұзақ және қайғылы соғыстардың бірі аяқталды. Ол тоғыз жылға созылды. Бір ай және он тоғыз күн.
Біздің мектепте өткен сынып сағаты Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күнінен 28-жылдығына арналған еді. Осы шара «Біз үшін жанын қиғандарын еске алу» деген атауымен әдеби-музыкалық түрінде өтті, барлық оқушылар осы шараға атсалысты, өлеңдер оқыды, ән айтты, қазіргіде Ауған соғысының ардагерлері, біздің
жерлестеріміз, интернационалист жауынгерлер туралы ақпаратпен таныстырды, жауынгерлердің жеке хаттарының үзінділерін оқыды. Соғыстан оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Соғыс-бұл басқа әлем, онда уақыт басқаша өтеді, барлық құндылықтар басқаша көрінеді.Бірақ-та қақтығыстар аяқталады, ал тарих мәңгіге қалады. Ауған соғысы да тарихқа кетті. Ал ауған халқың батырлықпен қорғаған, қол
ұшын берген жандарды есте сақтау біздің парызымыз. О.Бурумбаева тарих пәнінің мұғалімі