«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық есік күні

22.05.2017

Ашық есік күні

9 сынып жетекшісі Балгина М.А. ашық есік өткізу күніне дайындаған «Отаншыл

азаматты тәрбиелеу-ата-аналардың азаматтық парызы»  деген тақырыбына тренинг түрінде ата-аналар жиналысын өткізді.

Балалардың отбасындағы әдептілік тәрбие мәселесі, отаншылдық сезім тәрбиесі, отан алдындағы  және өз отбасы

алдында парызын өтеу-бұл барлық үлкендерді қашанда,қай кезде болсын толғандыратын сауалдар.

Соңғы кезде елдің таяудағы өткен шағын  балағаттау сәнге айналды.

Мария Алексеевна  сұхбатқа шақырып, өз көзқарасын білдірді: «Мен өз елімді сүйемін. Өз тарихын балағаттау бұл өз

ата-аналарың ұмытып естен шығарумен тең. Мен елімді қандай болса да, оның жетістіктері мен жеңілістермен  де

сүйемін, ел жақсарып барлық адамдар бақытты болсын деп қалаймын»

Өз еліңізді мақтан тұтасыз ба?-бұл сауал қатысушыларға тренингтік тапсырма ретінде қойылды.

Оқушылар, үлкендер өз көзқарастарын білдірді, олар әр түрлі болды, бірақ барлықтардың ойы бір жерден шықты: ашық аспан, тыныш өмір – қазіргі таңда бұнымен мақтан тұтатындар аз.

Ал бұл біз тұратын елімізде бар-Қазақстан Республикасында.

Жиналыс қатысушыларына тапсырма ұсынылған еді: парақта отаншыл адамның бойындағы үш негізгі қасиеттерін жазу. Сүйіспеншілік (туған жерге, үйіне,еліне ); адалдық, болашаққа, өз күшіне деген сенімділік сияқты қасиеттер айтылды.

Осы шара   өзіңнің өзектілігімен, таң қалдырумен ерекшеленді.

                                 

Ж.Сексенбаева,мектеп оқу ісінің меңгерушісі

 

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст