Ақ жол болсын, түлек 2017!
Кешкі мектептің 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау аяқталды.
Мектептің 52 түлектеріне орта мектепті бітіргені туралы аттестаттары салтанатты түрде берілді.
Мектеп директоры С.Л.Гладченко, оқу ісінің меңгерушісі Ж.Б.Сексенбаева, педагогикалық еңбек
ардагері В.Ф.Андросова түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, оларға ақ жол тілепті.
Өз өмірінде қиындықтарды бастан кешіріп үлгерген оқушылар үшін жүрегіміз ауырды:
біреуі ерте ана атанса, біреуінде отбасында материалдық қиыншылықтар туып, анасына көмектесу
үшін жұмыс істеуге тура келді, себебі олардың көбі толық емес отбасыларда
тәрбиеленді, біреуі бұрын бұзақылық жасап оқығысы келмей, қаңғырып жүрді, ал
біреуде бостандықты шектеудің шартты мерзімі болғандықтан мектепке келді.
Түлектердің жас құрамы да қызықты: біреуі 18 жаста болса, ал біреуі 40-тан асты.
10 түлек мектепті «жақсы» және «үздік» бағамен аяқтады.
Ең алдымен олар керекті мамандықты игереді, олардың бәріне де жолы болатынына сенгіміз келеді.
Ал олар басқа адамға арқа сүйенетіндігін сезінуге үйреніп алған.
Қымбатты түлектер, ақ жол болсын!