«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ әліпбиінің латынға көшуі туралы» тақырыбында баяндама

24.11.2017

«Қазақ әліпбиінің латынға көшуі туралы» тақырыбында баяндама

 

 

 

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің  мұғалімі Ашимова Б.Т.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы

кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ

алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы

бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы

ақпараттың тіліне айналдырады»

ҚР

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Жолдауынан

     2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев

Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға

көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге

қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие

және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі

кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты

ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның

артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген

еді. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1917 жылдың мамыр айында мектепті

шіркеуден бөлу және барлық мектеп жасындағы балаларды еңбекке баули отырып

тегін, міндетті оқуға тарту жөніндегі бағдарлама қабылдануы Қазақстандағы

оқу-ағарту саласында елеулі өзгерістерді талап етті. Бұл біріншіден,

мектептерге қажетті оқу құралдарын қажет етсе, екіншіден емле мәселесінде

өзгерістер енгізудің маңыздылығын айқындап берді. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан

бастап қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, оқушы жастар,

оқытушылар латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесін көтерді.

Бұғанға дейін қазақ жазуы А.Байтұрсыновтың емлесі негізінде жүргізілген еді.

Алайда латын қозғалысының кең түрде насихаттала бастауы араб жазуын ығыстыра

бастады. Сөйтіп жаңа латын әрібін қолдаушылар мен бұрынғы араб жазуын

қолдаушылар арасында үлкен айтыс-тартыс туындады. Бұл, әсіресе, 1924 жылы

жазуында Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде айқын

білінеді. А.Байтұрсынов бастаған араб әрібін қолдаушылар басым түсіп, араб

әрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды. Осы съезде А.Байтұрсынов бас баяндама

жасап, онда араб әрібінің қай жағынан болса да ыңғайлы, қолайлы әріп екендігін

дәлелдеп берген болатын. Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан

келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Жоғарыда аталған латын

әліпбиі туралы дереккөздерді келтіре отырып, қазақ қоғамына, халқына латын

әліпбиінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Бұл жайына Елбасымыз

биылғы Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын

таратып айтты. «Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі

мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі

кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны

тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын

қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі

біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын». «Біз 2025 жылдан

бастап әліпбиімізді

латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз

керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы

үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге,

балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы –

қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» . Латын әліпбиіне көшу –

қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне,

болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін

әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына

қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен

дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.

Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

 

 

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст