Аталған сыныптан тыс іс-шара физика пәнінің мұғалімі дайындалды және өткізілді. Ойын барысында оқушылар екі командаға бөлінді. Әр команда капитандарды таңдады. Ойын 7 геймнен тұрады. Әрқайсы кезең барысында жүргізуші әр командаға сұрақтар қойды. Командалар шектеулі уақыт ішінде сұрақтарға дұрыс жауап беруі керек. Дұрыс жауапты тез табатын команда жеңеді. Математика, әдебиет, тарихпен пәнаралық байланыс жақсы байқалады. Қызығушылық ойынның әр кезеңімен артады. Мысалы, «Физика мен тарих» үшінші кезеңі барысында ғалымның аты мен ақпарат арасындағы сәйкестікті анықтап, ал «Физика поэзияда» төртінші кезеңінде «Үзіндіде қандай физикалық принцип көрсетілді?» «Бұл поэтикалық үзіндіде физика тұрғысынан не дұрыс емес?» деген сұрақтарға жауап беру қажет болды. Осы ойын барысныда физика пәні бойынша оқу материалын жаппай қайталау орын алды. Ойын оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың білімін кеңейтті, қарым-қатынас мәдениеті мен сұраққа жауап беру мәдениетін үйретті.